Әйелді түсіну

0
00:03
Әйелді түсіну

Әйел затын түсіну ...

Бірінші көрініс:
Әйелің телефоныңнан бөгде жыныстымен сөйлескен сөздеріңді байқап қалады. Сөйлескенде де асып бара жатқан ештеңе жоқ, сөйлесетіндерің де сол бұрынғы кластасың, группаласың, бұрынғы жұмыстасың… дегендей, арасында бірер әзілдер кетеді енді.
— Поу, кәдімгідей жыртыңдасыпсыңдар ғой… Мынауың тіпті саған қылмыңдайды ғой тіпті ....
— Ну енді әзіл ғой жәй… группалас қой… Осылай сөйлесе береміз ...
Сомен бұл тақырып тоқтайды зорға дегенде. Содан мынадай ойға келесің: қой бұдан кейін сөйлескенімді ізін қалдырмай жойып отырайын, бәрібір дұрыс түсінбейді екен ...
Содан телефоның тап таза, күдіктенуге себеп жоқ, арада бір жыл өтеді.
Екінші көрініс:
Әйелің телефоныңды қарап отырып айтады:
Осы саған ешкім жазбайды ау дейім ә, тым болмаса бұрынғы кластас, группалас қыздармен аман сәлем қылмайсың ба?
— ей каз xабарласпайтын болдық қо — деп міңгірлей бастайсың, сондағы әйеліңнің айтатыны:
— негізі сен кезінде ешкімге маңызың жоқ біреу болғансың ау, ешбір әйел жынысты көз салмаған шығар саған, қайта мен қарап қалыппын ...
Ал қалай түсінеміз әйелді? Меніңше былай түсінеміз: әйелдердің ең қаламайтыны күйеуінің басқа әйелге де жағымды әсер қалдырғаны емес, ол кісілердің ең ҚАЛАМАЙТЫНЫ күйеуінің ешкімге елеусіз, әйел затына жағымсыз тұңғиық болуы, олар іштей өз күйеуіне басқа әйелдердің де қызыға қарауын қалайтын сияқты...
Пікір жазылмапты. Алғашқы болып жазыңыз!