«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы Республикалық кеңестің XI отырысын өткіз

0
19:31
«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы Республикалық кеңестің XI отырысын өткіз

2018 жылғы 29 қаңтарда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті тарапынан «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру жөніндегі республикалық кеңесінің XI отырысы (бұдан әрі – Республикалық кеңес) өткізілді.

Республикалық кеңестің мақсаты — «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды талқылау және тәжірибемен алмасу.

Республикалық кеңестің жұмысына Министрлік департаменттерінің, ведомстволық бағынысты орталықтардың, білім беру органдары мен ұйымдарының, ЖОО-ның, колледждердің басшылары қатысты.

Отырыста төмендегідей мәселелер талқыланды:

— республикадағы білім беру ұйымдарында «Оқу-тәрбие процесінде рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын біріктіру» пилоттық жобасын жүзеге асыру туралы;

— «Оқу-тәрбие процесінде рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын біріктіру» пилоттық жобасын жүзеге асыруда «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы бойынша сертификатталған тренерлер қызметі туралы;

— техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы «Өзін-өзі тану» пәні бойынша оқу бағдарламалары туралы.

Қорытындысы бойынша ұсынымдамалар әзірленді.

Пікір жазылмапты. Алғашқы болып жазыңыз!