«Өзін-өзі тану: Сүйіспеншілік пен Шығармашылық педагогикасы» атты онкүндік өткізу туралы хабарлама

0
20:02
«Өзін-өзі тану: Сүйіспеншілік пен Шығармашылық педагогикасы» атты онкүндік өткізу туралы хабарлама

2018 жылғы 1-12 ақпан аралығында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті тарапынан республиканың барлық білім беру ұйымдарында «Өзін-өзі тану: Сүйіспеншілік пен Шығармашылық педагогикасы» атты дәстүрлі онкүндігі өткізілуде.

Онкүндіктің мақсаты – балалар мен жастардың адамгершілік-рухани тәрбиелеу жүйесін дамыту, олардың азаматтық мәдениет дағдыларын жетілдіру.

Онкүндіктің салтанатты ашылуы еліміздің барлық білім беру ұйымдарында 2018 жылғы 1 ақпанда өтті.

Онкүндіктің барысында республиканың барлық білім беру ұйымдарында семинарлар, кітаптар көрмесі, дөңгелек үстелдер, ашық сабақтар, балалар шығармашылық байқаулар, қайырымдылық акциялар, ата-аналардың, мәдениет және өнер қайраткерлерінің қатысуымен ауқымды іс-шаралар өткізілуде.

2010-2011 оқу жылында «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бадарламасы барлық білім беру деңгейлерінде, мектепке дейінгі деңгейден бастап және жоғарғы білім беру кезеңінен енгізілді. Мемлекеттік деңгейде, өскелең ұрпақты әмбебап және жалпыадамзаттық құндылықтарға оқыту міндетін алғаш рет «Өзін-өзі тану» жобасының авторы – Назарбаева Сара Алпысқызы ұсынды. Аталған бағдарлама оқушылардың тұла бойындағы шығармашылық әуелетін толық әрі жан-жақты іске асыруға, жаһандану жағдайында өмірлік жетістіктерге жетуге мүмкіндік беретін өмірлік және білім беру стратегиясын қоғамдағы ауқымды әлеуметтік маңыздылықты меңгеруге ықпал етеді

Бұл білім, дағды және қабілеттер адамдармен келісімге және олармен бір мәмілеге келуге жетелейтін негіз болады, сондай-ақ басқа да тұлғаларға көмек пен қолдау көрсету қабілетіне ие болуға ықпал етеді. Адамгершілік-рухани тәрбие және білім балаларға дүниеге сеніммен шаттана қарау және өз жетістікте сенімді болуға, тәрбие және білім алу процесінде тиімді әлеуметтенуге көмектеседі.

Пікір жазылмапты. Алғашқы болып жазыңыз!