Қытай жоғары оқу орындарында бакалавриат, магистратура, докторантура бойынша оқуға конкурс

0
20:52
Қытай жоғары оқу орындарында бакалавриат, магистратура, докторантура бойынша оқуға конкурс
Жариялау күні: 05.02.2018 14:25:00

ҚР Білім және ғылым министрлігі Қытай Халық Республикасының жоғары оқу орындарында ҚР Білім және ғылым министрлігі мен ҚХР Білім министрлігі арасындағы білім саласындағы ынтымақтастық туралы келісім (72 орын), ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Үкіметтері арасындағы білім саласындағы ынтымақтастық туралы келісім (13 орын), сондай-ақ қытай-қазақстандық арнайы стипендиялар шеңберінде(40 орын) бакалавриат, магистратура, докторантура бағдарламалары бойынша оқуға және тағылымдамадан өтуге конкурс жариялайды.

Үміткерлерді іріктеудің негізгі өлшемшарттары:

1) шет тілін білу деңгейі, HSK сертификаты, болған жағдайда;

2) білім туралы құжаттың орташа балы;

3) жоғары білім дипломы мамандығының ҚХР-да оқуға жоспарланған мамандыққа сәйкестігі (магистратура, докторантура үшін).

Оқу тілі: қытай немесе ағылшын тілінде (таңдау бойынша)

Грант шеңберінде қытай тіліне үйрету бойынша бір жылдық курс ұсынылады.

Грант келесі шығындарды қамтиды: тегін оқу, жатақханада тұру, шамамен 2000-3000 юань көлемінде ай сайынғы стипендия

Үміткерлер келесі құжаттарды ұсынуы қажет:

1) шетелде оқу үшін негіздеме-өтініш (еркін нысанда қазақ немесе орыс тілінде);

2) Қытай Үкіметінің стипендиясына өтінім (1-қосымшада көрсетілген нұсқаулыққа сәйкес қытай немесе ағылшын тілінде онлайн саулнаманы толтырып, өз «Agency Number is 3981» және «Program Category is Type A» нөмірін мұқият тексеру қажет, дұрыс толтырылмаған өтінімдер қытай жоғары оқу орындарымен қабылданбайды);

3) шетелге оқуға шығатын Қазақстан Республикасы азаматының 2-қосымшадағы нысан бойынша толтырылған сауалнамасы;

4) ұлттық төлқұжат көшірмесі (салыстыру үшін төлқұжаттар ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған);

5) білім туралы соңғы құжат және оның қосымшасы көшірмелері ағылшын тіліндегі нотариалды расталған аудармасымен бірге.

  • мектеп түлектері үшін – 11 сыныптағы оқу үлгерімі туралы табель көшірмесі, түлек мәртебесі туралы анықтама, барлық аталған құжаттардың ағылшын тіліндегі нотарилды расталған аудармалары;
  • студенттер үшін – қосымшасы бар диплом немесе аттестат көшірмесі және олардың ағылшын тіліндегі нотариалды расталған аудармалары және оқу бөлімімен және нотариалды расталған сынақ кітапшасының (немесе транскрипттің), түлек мәртебесі туралы анықтаманың көшірмесі;

6) шет тілі білімін растайтын сертификат (HSK), бар болған жағдайда;

7) 3-қосымшадағы нысан бойынша шетелге шығушылар үшін 082/у нысанындағы медициналық анықтама және суреті мен мөрі бар денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтаманың көшірмесі (міндетті түрде 4-қосымшаға сәйкесқытай тарапы ұсынған нысан бойынша). Толық емес немесе емдеуші дәрігердің қолы, аурухананың ресми мөрі қойылмаған немесе өтініш берушінің суреті жоқ жазбалар жарамсыз болып табылады. Шетелдіктің медициналық анықтамасының көшірмесі (Foreigner Physical Examination Form), түпнұсқа өтініш берушіде сақталуға тиіс. Бланкті келесі сайттан жүктеп алуға болады: www.campuschina.org

8) мақтау қағаздарының, сертификаттардың, дипломдардың, алғыс хаттардың көшірмелері, бар болған жағдайда;

9) докторантура мен тағылымдамаға үміткерлер қытай немесе ағылшын тілінде профессор немесе доценттен екі ұсыным хатын ұсынуы тиіс;

10) музыкалық білім алуға үміткерлер жеке шығармашылығын CD-дискінде ұсынуы тиіс. Сондай-ақ, бейнелеу өнері мамандығына үміткерлер 2 эскиз, 2 түрлі түсті сурет және 2 басқа жұмысын CD-дискінде ұсынуы тиіс;

11) таңдаған зерттеу тақырыбы бойынша эссе (PhD докторантура бағдарламасы бойынша оқу үшін);

12) ғылыми жарияланымдарының немесе оқу-әдістемелік/ғылыми әзірлемелерінің тізбесі, бар болған жағдайда (PhD докторантура бағдарламасы бойынша оқу үшін);

13) барлық үміткерлер оқу жоспарын ағылшын немесе қытай тілінде ұсынуы тиіс (бакалавриат бағдарламасы бойынша оқуға үміткерлерден кем дегенде 200 сөз, тағылымдамаға кем дегенде 500 сөз, магистратура мен докторантураға кем дегенде 800 сөз) http://www.campuschina.org;

14) 18 жасқа толмаған үміткерлер ата-ана құқықтарын немесе қамқоршылар өкілеттігін растайтын құжаттарды және баланың Қытайға шығуына ата-ананың, қамқоршылардың келісім хатын ұсынуы тиіс;

15) Қытай университетінің шақыру хаты, бар болған жағдайда.

Толық ақпаратты, оның ішінде жоғары оқу орындары мен мамандықтардың тізімін http://www.csc.edu.cn/studyinchinaнемесе www.campuschina.org сайттарынан алуға болады.

Құжаттар құжат тігілетін мұқабаға тігілуі тиіс. Мұқаба бетінде міндетті түрде аты-жөні, мекенжайы, телефоны, білім беру ұйымының атауы, мамандығы көрсетілуі тиіс.

Құжаттар файлдық мұқабада 3 данада (1 түпнұсқа, 2 көшірме) ұсынылуы керек және олар толық жинақталған жағдайда ғана келесі мекенжай бойынша қабылданады: Астана қ, Сол жағалау, Мәнгілік Ел даңғылы 8, «Алтын Орда» БО, 5-қабат, 504-каб.

Байланыс телефон нөмірлері: +7 (7172) 249386, 249385, 769082, 769083

E-mail: Azhanova@cip.bolashak.gov.kz; Urazymbetov@cip.bolashak.gov.kz

Құжаттарды қабылдаудың аяқталуы – 2017 жылғы 10 наурызда.

Қосымша:

1-қосымша – «Қытайда оқу үшін онлайн тіркеу жүйелері» (Instruction of the CSC Online Application System for International Students) қолдану бойынша нұсқаулық – 1 парақта;

2-қосымша – Шетелге оқуға шығатын Қазақстан Республикасы азаматының сауалнамасы – 3 парақта;

3-қосымша – 082/у нысанындағы медициналық анықтама үлгісі – 1 парақта;

4-қосымша – Медициналық анықтама нысаны – 2 парақта.

Пікір жазылмапты. Алғашқы болып жазыңыз!